• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:12:50
Алматы
+35°

Фото: Ашылу салтанаты кезінде түсірілген

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мен ҚР Білім және ғылым министірлігінің бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылған конкурсқа жерлесіміз Мұхамади Шыңғысхан Асқарұлы қатысып, жоба грантын жеңіп алған.   

Әлеуметтік сұлулық салоны

Бүгін міне Текелі қаласынан «Айя» әлеуметтік сұлулық салонын ашып отыр. Бұл нысанның ерекшелігі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тегін қызмет көрсететін болады. Атап өтсем, жоба 14 және 29 жас аралығындағы жастар арасында өткізіліп, еліміздің әр облысын қамтыған.

Текелі қаласында жаңа әлеуметтік сұлулық салоны ашылды. Салон иесі жұмсалған қаражатты арнайы ұйымдастырылған конкурс кезінде ұтып алған.

Әлеуметтік шаштаразда халықтың қарасы көп болатыны хақ. Бастысы, қызмет көрсетушілер әлеуметтік аз қамтылған және көп балалалы отбасыларға ақысыз қызмет көрсетеді. Ал шаштараз иесі болашақта тәжірибелі мамандар алып, кәсібін кеңейтіп, сұранысқа ие үлкен орталыққа айналдыруды армандайды.

Табысты жолы басталған жас кәсіпкерге сәттілік тілейміз. «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды» (әл-Фараби).  Ізгілікті жанына серік еткен ел тұрғындарының ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады. Қайырымдылық жасау үшін асқан дәулет емес, жүректегі мейірім мен адал ниеттің болуы жеткілікті. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: текелі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір