16 Қыркүйек, 2020 NEWS

"Тілеухан әскери техниканы сатуға көмектесті" деген азамат мәлімдеме жасады

Qamshy.kz

"Шетелге әскери техника саттық, оған Бекболат Тілеуханның да қатысы бар" деген адам жаңа мәлімдеме жасап, Бекболат Тілеуханның есімін әлдекімдердің қысымымен атағанын жария етті.

Жуырда журналист Тоқтар Жақаш Facebook парақшасында шетелге заңсыз қару сатып ұсталды делінген адамның видеосын жариялаған. Бейнежазбадағы азамат шетелге қару сатумен айналысатынын, өзінің бірнеше сыбайласы бар екенін айтты. Солардың арасына мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды да қосқан.

Мәжіліс депутаты бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын, ол жердегі әңгіме ақылға сыймайтынын айтып, құзырлы органдардан видеодағы адамды тауып,  тиісті шара қолдануды сұрады.

Енді міне, көп өтпей "шетелге қару саттық" деген азаматтың барлығын жоққа шығарған бейнежазбасы жарияланды. Жазбаны "Желтоқсан рухы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков facebook парақшасына жариялады.

Өзін Бегім Ысқақов деп таныстырған азамат таяуда шыққан видеода айтылғандардың бәрі өтірік екенін жеткізді.

♦Оқи отырыңыз: Тоқтар Жақаш: Екінші видеодағы адам мүлдем басқа

"Аты-жөні аталған адамдар өмірде жоқ, мемлекеттік құрылымдарға да қатысым жоқ. Бұның бәрін маған қарыз берген адамдардың қысымымен айттым. Сонымен қатар Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрағым келеді. Адал атыңызға кір келтіргенім үшін мені кешіре көріңіз. Қайталап айтам, мұның барлығы жалған. Кешіріңіздер мені" делінген бейнеүндеуде.
 
Ілмек сөздер: Бекболат Тілеухан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір