• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:55:11
Алматы
+35°

Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Алматы қаласы және Алматыоблысының білім басқармаларымен мектепоқушылары бар аз қамтылған және көпбалалыотбасыларға 1000 ноутбук беру туралымеморандумға қол қойды.

      «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорыныңбасым бағыттарының бірі - әлеуметтік жәнебілім беру жобалары. Сол себепті қоралғашқылардың қатарында мұқтаж оқушыларғакөмек көрсетіп, тегін ноутбук алып берді. 

Қашықтан оқыту жағдайында мұндайсыйлықтар балалар үшін өте пайдалы. Барлықноутбук бейнекамералармен жабдықталған, бұлоқушылардың zoom-конференцияларға оңайқосылуына мүмкіндік береді.

«Қазір ел өте қиын кезеңді бастан өткеріпжатыр. Біз жаңа талаптарға сай өмір сүрудіүйренуіміз керек. Ең бастысы, бір-бірімізге қолұшын созу. Жақында Үкімет қашықтан оқу үшінноутбуктері жоқ барлық оқушыны оқу жылыбасталғанға дейін қажет техникамен қамтамасызету керек деген тапсырма берді. Біз өзтарапымыздан екі өңірдің балаларына көмеккөрсетуді ұйғардық. Балаларға жаңа оқужылында табыс тілейміз!», деді Қор басшысы Қасым Қасабеков.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева өз кезегінде Қор өкілдеріне аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. «Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды. Біз «Салиқалы ұрпақ» қорынан алынған барлықноутбукті мұқтаж отбасыларға тізім бойыншабереміз», деді ол.

«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қорына балаларымызды ноутбукпен қамтамасыз етуге көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз», деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.

         «Демеушілік көрсетіп жатқан "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорына оқушылардың атынан, халықтың атынан шексіз алғыс айтамыз», - деді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.    

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры өз қызметін 2016 жылдың сәуір айында бастады. Қор бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардан шыққан жетім балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсету; мұқтаж жандарды емдеуге қаражат бөлу; оқу ақысын төлеу; мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дамыту, мешіттер салу, түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізу.

Еске сала кетейік, бұған дейін қор коронавирус індетіне қарсы күреске 150 миллион теңге бөлді. Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры сутасқынынан зардап шеккен Мақтаралтұрғындарына 20 тонна азық-түлік жеткізіп, 20 үй салып берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір