09 Қыркүйек, 2020 NEWS

ШҚО "KAZ Minerals" фабрикасының құрылыс алаңында қызметкер қайтыс болды

Фото: Ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

 

"7 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында монтаж жұмыстары кезінде мердігерлік ұйым – IGG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттың  салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды"  делінген хабарламада.

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтыпқайғыларына ортақтасады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір