28 Тамыз, 2020 Мәдениет

Өзбекәлі Жәнібекке Шымкенттен еңселі ескерткіш қойылуы керек (видео)

Фото: Ө.Жәнібеков атындағы қоғамдық қордан алынды

Бүгін  мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібектің туған күні. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана-тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан ол бүгін 89 жасқа толар еді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі елім деп туған қайсар азамат Өзбекәлі Жәнібекке, 2021 жылы 90 жылдығына орай, өзі туған, қызмет еткен Шымкент қаласында еңселі ескерткіш қою мәселесін көтеріп отыр. Осы орайда, Қамшы тілшісі қайраткердің көзін көріп, бірге қызмет еткен әріптестерімен сұхбаттасты.  

Өзбекәлі Жәнібек  1931 жылы Шымкент облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында білім алып, 1952-1956 жылдары Шымкент облысының Келес ауданында мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Келес аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. Кейіннен 5 жыл Шымкент комсомол комитетінің хатшысы болды. Қазақстан Жастар одағы ОК-нің, Қазақстан Компартиясы Торғай облыстық комитетінің хатшысы, Қазақ КСР мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі қызметіне дейін көтеріліп,  халқына қалтқысыз қызмет етті. Қоғам қайраткерінің "Эхо", "Уақыт керуені", "Жолайрықта", "Қазақ киімі", "Ежелгі Отырар", "Тағдыр тағылымы" 1-2-кітап, "1916 жыл" кітаптары жарық көрген. 

Бүкіл өмірін қазаққа арнап өткен Өзбекәлі Жәнібекке экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдиннің "Қазақты қазіргі деңгейге көтергендердің бірі" деп баға беруі де орынды.

   

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір