• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:03:17
Алматы
+35°

Руслан Ерғалиұлы Манатаев үкімет қаулысымен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы – Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 

2014-2017 жылдары – "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі;

2017-2018 жылдары – "Астана – жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры; 

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір