• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:22:48
Алматы
+35°

Осы аптада АҚШ денсаулық сақтау министрі Тайваньға барғаннан кейін Бейжің Вашингтонға қатаң ескерту жасады. 

АҚШ денсаулық сақтау министрі Алекс Азар Тайвань президенті Цай Инг-Венмен кездесіп, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты талқылаған. Екі тарап Тайваньның пандемия саясаты туралы талқылап, АҚШ министрі Тайваньның коронавирус саясатын "әлемдегі ең сәтті" деп сипаттаған.

Тайвань соңғы кездерде Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс аймағына айналды.

Дүйсенбіде Тайвань әуе күштері бұғаздағы орта сызықты кесіп өткен қытайлық жойғыш ұшақтарға ескерту жасағанын мәлімдеді. Қытайлық ұшақтарды зенитті зымырандармен бақылағанын хабарлаған.

АҚШ министрінің Тайваньға сапары туралы Қытай СІМ өкілі Чжао Лицян "Біз Америкаға тағы бір рет ескертеміз, Қытай АҚШ пен Тайваньның кез келген сылтаумен ресми қарым-қатынас жасауына қарсы тұрады... Қытайдың негізгі мүдделеріне қатысты мәселелер туралы Америка Құрама Штаттарындағы кейбір адамдарда елестер мен тілектер болмауы керек. Отпен ойнағандар күйіп кетеді" деп мәлімдеген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ Тайвань

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір