• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:51:38
Алматы
+35°

Жуырда Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтың Instagram-да тікелей эфир жүріп жатқанда сағатын шешкені көзге түсіп қалып, артынша бұл әрекетін түсіндіруіне тура келген.

Әубәкіров сағатты қолы терлеп кеткендіктен шешкенін айтып, ақталған. Артынша әкім сағаты Ulysse Nardin бредінің аксессуары екені, құны 5 мың доллар (2 млн 95 мың теңге) тұратыны белгілі болды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері тексеру жүргізіп, қымбат сағатты әкімге 2010 жылы 35 жасына сыйлық ретінде туыстары бергенін анықтағанын хабарлады.

Ал Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Rolex бренді Datejust үлгісінің сағатын тағады. Оның құны – 16 мың доллар.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің дерегінше мемлекеттік қызметкерлер 2017-2018 жылдары өздеріне берілген көптеген сыйлықты ведомствоға өткізген. 2019 жылы ештеңе өткізілмеген.

Ведомствоға өткізілген сыйлықтардың ең қымбаты – 2 млн теңге тұратын Rolex сағатын ҰҚК қызметкерлеріне сыйлаған.

Сондай-ақ департаментке мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық ретінде берілген смартфондар, электрондық сағаттар, "Манас батырдың" суреті, иіссулар, бет күтіміне арналған заттар, тон жағалары, қымбат алкогольдік сусындар тапсырылған.

Сыйлықтар аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы бюджетке өткізіледі.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерге сыйлық беруге тыйым салынған. Құны екі айлық есептік көрсеткіштен, яғни 5 мың теңгеден аспайтын сыйлық жасалған жағдайда, сыйлық берушіге 505 мың теңге (200 АЕК), сыйлық алушыға 1 жарым млн теңге (600 АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. 

Құны 5 мың теңгеден жоғары сыйлық пара беру дерегі ретінде қарастырылып, ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Дереккөзholanews.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір