• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:11:47
Алматы
+35°

Жаңа зерттеулер бойынша, Уханьдағы алғашқы коронавируспен ауырғандардың көпшілігі ауруханадан шығып үш айдан кейін де олардан өкпе зақымы байқалған.

Ухань университеті Чжуннан ауруханасы жансақтау бөлімінің директоры доктор Пенг Чжионг аурудың ұзақ мерзімді әсері туралы алаңдаушылығын жасырмаған.

Зерттеуге қатысқандар энергияның жетіспейтіндігін айтқан, ал олардың 50 пайызға жуығынан депрессия белгілері байқалған. "Олар қоғамнан оқшаулауға ұшырап, қалыпты өмірге орала алмай жатқандарын айтты" деп хабарлайды The Times.

Бір жылға жалғасатын зерттеу жұмысының алдыңғы үш айлық зерттеу нәтижесі бойынша, аурулардың 90 пайызында өкпе зақымы бар екені анықталған.

10 пайызында Ковид-19 антиденесі болмаған.

– Нәтижелер аурулардың иммундық жүйесінің әлі қалпына келіп жатқанын көрсетті, – деген Доктор Пенг. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір