26 Шілде, 2020 NEWS

Айгүл Орынбек: Педофильдерге "Өлім жазасын" беруге қарсы емеспін

Суретте Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Қазақстандағы құқықтық ахуалға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, нәтижеге жету үшін заң жобасын халықпен ашық талқылау керек. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазды.

"Қоғам құқықтық қөзқарастан алшақтап барады.
Соңғы оқиғалар елдегі құқықтық көзқарастан алшақтап бара жатқанын ашық көрсетіп отыр. Халықты жабайы халге түсірген жемқорлыққа батқан жүйе! Құзырлы органдарға деген сенімсіздік! Заңы заңды түрде орындалмайтын ел ғана осындай жабайы методқа көшеді! Сот пен құзырлы органдар заңды жұмыс істемеген елде, халық жазаны өздері бергісі келеді. Ол үшін халықты кінәләп қажеті жоқ, оған жемқорлық пен сыбайластық кінәлі! Әділетсіз сот пен, жемқорлық пен сыбайлыстыққа батқан тергеу! Көбінесе біз полицияны кінәлаймыз, істі жауып, қысқартатын негізі прокуратура, ал ақтау шешімін шығаратын сот болып табылады! Соттың шешімі шықпай жатып, "мен ұттым шешіп қойдық" деп айтып жүрген талай адамдарды көрдім. Өлім жазасын заңға енгізу үшін, сот пен тергеу жүйесі сыбайласқан жемқорлықтан таза болу керек! Жемқорлық пен сыбайластық өршіп тұрған елде "өлім жазасын" енгізу, өте қиын және ойланып қабылдайтын шешім. Өзім педофилдерге "Өлім жазасын" беруге қарсы емеспін, ол үшін қоғам алдында жүрген заңгерлер бірлесіп жұмыс істеу керек. Халықпен заң жобасын ашық талқылау керек, сол кезде ғана біз бір нәтижеге жетеміз" делінген жазбада.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір