• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:11:16
Алматы
+35°

«Казцинк» ЖШС ірі тау-кен металлургиялық компаниясы коронавирус инфекциясымен күреске 85 млн теңге көлемінде қаражат бөлді

Еліміздің ірі тау-кен металлургиялық компаниясының бірі «Казцинк» ЖШС коронавируспен күресте қолдау көрсетуде. Ауруханалардағы COVID-19 науқастарды емдеуге көмектесу үшін компания 85 млн теңге бөлді. Бұл қаражат Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Жәйрем кентінің ауруханаларына медициналық жабдық сатып алуға жұмсалды.

«Жоғарыда аталған қалалар мен кенттердің ауруханаларының инфекциялық бөлімшелеріне 120 оттегі концентраторын жеткізілді. Оның ішінде Жәйрем кенті ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне әрқайсысы 650 000 теңге тұратын 5 концентратор жеткізілді. Бұл құрылғылар COVID-19-дан асқынған жағдайда, пациент өз бетінше дем ала алмайтын кезде оттегі терапиясын жүргізу үшін қолданылады. Медициналық оттегімен қосымша жабдықтау аурумен күресу мүмкіндігін арттырады, регенерацияның қарқынды процесіне ықпал етеді, бұл науқасты ауруханада емдеу кезеңін қысқартады», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа ауруханаға: НППС (Омнимед) зембіл, инфузия құюға арналған штатив ШР-01 (Омнимед), дефибриллятор-монитор ДКИ Н-11 (183260), BeneFusion VP3 инфузиялық сорғы, канюльмен 2L оттекті ингалятор, үлкен ересек жиналмалы көлік доңғалақтарының жиынтығы Кштсв-Б-НН, Biopress нейлон 50*14 стетоскоп BL-ASM-1, реанимациялық тыныс алу қабы (ересек) apexmed, санитарлық брезент зембілдер, сорғыш «элемена-Н ам1», Мастерсепт 5л (қорапта 3 канистра, барлығы 4 қорап), мастерсепт 5л (канистра) берілді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір