21 Шілде, 2020 Барлық аймақтар

Нұр-Сұлтанда компьютерлік томография тәуліктік режимге ауысты

Көрнекі сурет

Нұр-Сұлтанда 21 шілдеден бастап компьютерлік томография тәулік бойы жасалады. Бұл туралы үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қалада 17 КТ-аппараты бар. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі аппарат сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға жеткізіледі.

Қаладағы барлығы 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілген. 

Компьютерлік томография COVID-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір