• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:08:43
Алматы
+35°

Алматыда зираттың екі қызметкері жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңге заңсыз талап еткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полицияға 8 адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңге төлеуде талап еткен. Қабіршілер түбіртек бермеген. Ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланғаны анықталды.

– Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретке душар болғандар тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекетін мойындаған екі тұрғынды анықтап, қамауға алды, – деді тергеушілер. 

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы зират

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір