14 Шілде, 2020 NEWS

42500 теңгеге қашаннан бастап өтінім беру керек?

Фото: Qamshy.kz

42500 теңге әлеуметтік төлемге 17 шілдеден бастап өтінім беруге болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

– Әлеуметтік төлем карантин кезіндегідей қағидаттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Біз төлемді тағайындаудың ережелерін жасап, алдағы бейсенбіде жариялаймыз. 17 шілдеден бастап 42500 теңгеге өтінім беруге болады. Өтінім қабылдайтын 42500.enbek.kz, e.gov порталы және телеграм-бот жұма күні іске қосылады. Сондай-ақ Halyk bank пен Kaspi банк өздерінің платформасында жаңа порталдарды іске қосуға ниет білдіріп отыр. Оны пысықтаймыз. Алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз, – деді министр.

Министр әлеуметтік төлем табысынан айырылған жалдамалы қызметкерлерге, жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға тағайындалатынын айтты.

Жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді жұмыс беруші береді. Қалған санаттағылар өтінімді өздері өткізеді. Үкімет әлеуметтік төлемді өткен екі айда 42500 теңге алғандарға автоматты түрде тағайындамайды. Әр өтінім жеке қаралады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға бірыңғай жиынтық төлем төлеу міндетті емес.

Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалға байланысты елде карантин режимі тағы екі аптаға созылатынын айтып, мұқтаж азаматтарға 42500 теңге төленетінін айтқан.

Оқи отырыңыз: "Жыртық жамауға келмейді". 42500 теңге халықтың керегіне жете ме?

Ілмек сөздер: 42500 теңге карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір