• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:34:51
Алматы
+35°

Бүгін, 14 шілде күні қайтыс болған Қазақстан қорғаныс вице-министрі генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың өліміне коронавирус себеп болған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Бақыт Құрманбаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.

Ол 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Ресей құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алды. 2008 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курстарынан өтті.

Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитеті департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Генерал-майор шені болған.

Марқұмның артында әйелі, екі баласы қалды.

Бақыт Құрманбаев – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған алғашқы шенеунік. Ал елде коронавирус сияқты өршіп тұрған пневмония ауруынан бірнеше шенеунік  көз жұмған. Олардың арасында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бақыт Құрманбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір