14 Шілде, 2020 NEWS

"21 мың теңге". АӘК алатындарға төлем автоматты түрде ұзартылады

Көрнекі сурет

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында кейбір әлеуметтік төлемдердің тағайындалуы карантин кезінде автоматты режимге көшетінін хабарлады. 

Төтенше жағдай кезіндегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беру жалғасады. Бұл – 1 миллионнан астам адамды қамтиды.

Сондай-ақ биылғы үшінші тоқсан үшін атаулы әлеуметтік көмек қолда бар деректер негізінде тағайындалады. Көмекті алатын 128 мыңға жуық отбасы құжаттарын қайта өткізбейді.

Мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген 30 мың адамның құжаттары үш айға автоматты түрде ұзартылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір