• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:31:55
Алматы
+35°

Фото индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтынан алынды

 
Қарағандыда 2021 жылға қарай көмір байыту фабрикасы салынады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Шығарылатын көмір концентратының негізгі тұтынушысы "YDD Corporation" ЖШС Қарағанды ​​ферроқорытпа зауыты болады. Сондай-ақ өнімнің бір бөлігін экспортқа шығару жоспарланған, қалған бөлігі компанияның қажеттіліктері үшін шикізат ретінде пайдаланылады.
 
"Қазақстанның Даму Банкі" бүгінде "Qaz Carbon" ЖШС-ға көмір байыту фабрикасын салу және модернизациялауға арналған өндіріс үшін 7 жыл мерзімге 9 млрд 24 млн теңге көлемінде несие желісін ашқан.
 
а

Жобаның жалпы құны – 12 млрд теңге. Инвестор өз қаражаты тарапынан 3 млрд теңге инвестиция салды, оның ішінде шетелдік инвестициялар бар.

Байыту процесі автоматтандырылып, өндіріс басқару орталығынан оператор көмегімен жүргізіледі.

Зауыттың қуаттылығы сағатына 300 тонна немесе жылына 1 800 000 тоннаны құрайды.

Болашақ зауыттың көмір концентратын өндіруге Қарағанды ​​облысының көмірі пайдаланылады.

Жобаны іске асыру барысында 110 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Құрылысқа 500-ден астам адам тартылады.

Зауытта шойын және болаттан жасалған бұйымдардың 900 түрін, кокс және жартылай кокс өнімдерін өндіру көзделуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір