06 Шілде, 2020 NEWS

Алматыда #ILOVENURSULTAN хештегімен фото және видео материалдар байқауы басталды

Көрнекі сурет

Елорда күніне орай Алматы қаласында #ILOVENURSULTAN хештегімен фото- және видео материалдар онлайн-байқауы өз бастауын алды. Алматы қаласы оқушыларының арасында өтіп жатқан байқауда, оқушылар өздерінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында елорданың әсем ғимараттарымен бірге түскен суреттерімен бөлісіп, астананы өлең шұмақтар, ән және ізгі тілектермен құттықтауда.

Сонымен бірге, байқауға атаулы мерекемен туған күндері тұспа-тұс келетін оқушылар белсенді түрде қатысуда. Олар үшін бұл мереке ерекше мәнге ие екенін тілге тиек етіп айтып жатқандарына куә болуға болады.

Ашық электронды дауыс беру арқылы анықталатын байқау жеңімпаздары үшін ұйымдастырушылармен құнды сыйлықтар дайындалған. Байқау қорытындылары жайлы, сондай-ақ барлық қажетті ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп алуға болады.

а

а

f

f

f

d

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір