• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:51:54
Алматы
+35°

Қоғам қайраткері, Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева белгілі ақын Алмас Ахметбектің шығармашылығын жоғары бағалап, оның туындылары орыс тіліне аудыратынын айта отырып, ақынға елге сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

"Мен бұрынырақ жариялаған "ҚАЗАҚ ЕЛІ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗЫ" өлеңін бүгінгі заманымыздың алып ақыны Алмас Ахметбекұлы жазған. Біздің қор поэтикалық туындыларды орыс тіліне аударумен айналысады. Мен ол кісіге халқына сіңірген еңбегі мен махаббаты үшін шын пейіліммен алғысымды жеткіземін. Дәл осындай шығармалар адамдардың ақылы мен сезімін оятады, олардың бойына отансүйгіштікті дарытып, ойлануға жетелейді. Алмас Ахметбекұлының есімі поэтикалық әлемде ерекше орынға ие. Оның лирикалық өлеңдері терең ойлы образ бен шынайы сезімге тұнып тұр" деп жазды Әлия Назарбаева инстаграмдағы парақшасында.

Сондай-ақ ол ақынның шығармаларына тоқталып, "Көк тудың желбірегені" өлеңі ұлттық рухты көтерер туындыға айналғанын атап өтті.

"Алмас Ахметбекұлының өлеңдеріндегі ерекшелік – көркем-әдеби ой халықтың қарапайым ауызекі тілі арқылы шебер өрілген. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылығында тіл, образ, бояу мен идея мінсіз қабысады. Оның ертеректе жазылған "Туған жерім – балалығым, "Сәуірдің бұлты", "Аптап" және тағы басқа өлеңдері ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал "Бозінген" өлеңі дала дауысы деген құрметке лайық. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте Алмас Ахметбекұлы алғашқылардың бірі болып Отанына оралды. Еліміздің егемендігі, бауырларымыздың атамекеніне келуі, өскелең ұрпақтың бойындағы жігер ақын шығармашылығына жаңа серпін берді. Ол қоғамдық жұмыс пен әдеби шығармашылыққа белсене араласты. Осы кезде патриоттық рухтағы "Көк тудың желбірегені" өлеңі дүниеге келді. Ақын әрі композитор Ермұрат Зейіпханұлы өлеңге әуен жазды. Бүгінде бұл ән барлық салтанатты жиындарда, мерекелерде, әскери бөлімдерде, оқу орындарында шырқалып жүр. Отан үшін қызмет қылып жүргендердің есімін әрдайым ардақтауға тиіспіз" делінген қоғам қайраткерінің жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір