Қала басшылығы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

– Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек, – деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.

– Біз көтерме дәріхана ұйымдарына Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз, – деп атап өтті Б.Мәкен.

«Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады.

– Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі, – деді Г.Алмурзина.

Сонымен бірге, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар.

24 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас (69%) емделіп шықты және 38 өлім жағдайы (1,1%) орын алды.

Күнделікті пневмониямен ауруханаға түсетін науқастардың саны артты, олардың әр екіншісі вирустық пневмония. Олардың 90-ының жағдайы орташа ауыр.

Осыған байланысты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге үлкен жүктеме жүктеледі.

Әкімнің орынбасары азаматтарды коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды: маска, қолғап киіп, қолды сабынмен жиі жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір