• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:20:45
Алматы
+35°
«Елбасы медалі»  белсенді және талапты жастарды қолдауға бағытталып отыр. Оған «Тұңғыш Президент» қоры қолдау көрсетуде. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.
 
- «Елбасы медалі» жобасына қатысушыларға жеті бағыт ұсынылады. Атап айтсақ, «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеу барысында үздік әлемдік тәжірибе қолданылды. Байқаудың шарты бойынша оған 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады, - деді Сайрангүл Жұмаділова.
 
Басқарма басшысының айтуынша, «Елбасы медалін» әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын», «күміс» немесе «қола» бағыттарын таңдау керек.
 
- Қатысушылар тәлімгердің көмегімен жеке даму бағдарламасын жасайды. Тіпті оған мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады, - деді Сайрангүл Жұмаділова.
 
Бағдарламаға сәйкес еріктілердің қызметі, Мемлекет басшысының Волонтер жылының ашылуында айтқан міндеттеріне сәйкес болады. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.
 
- Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын және облыс әкімінің грантын алуға толық құқығы бар. Әрине, бұл - жағымдық жаңалық. Біздің облыста да «Елбасы медалі» бағдарламасын дамытуға барлық жағдай жасалды. Оған аймақ басшысы Даниал Ахметов қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде бұл жобаға қатысуға 438-ден астам шығысқазақстандық өтініш білдірді. Алдағы уақытта олардың саны артады деп сенеміз, - деді Сайрангүл Жұмаділова.
 
Брифинг барысында «Елбасы төсбелгісі» жобасының өңірлік үйлестірушісі Ринат Шәкіртов пен жоба тәлімгері Айгүл Ермекқызы сөз алып, жобаның мәні мен маңызын түсіндірді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО Елбасы медалі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір