• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:04:57
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдан бастап осы мақсатта 6,2 млрд теңге жұмсалды. Биыл бұл бағытқа тартылған инвестиция көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап отыр.

Көл жағалауының инфрақұрылымы үнемі жақсарып, әлемнің 10-ҮЗДІК елдерінің туризмінің картасына енгізілді.

а

Кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын заман талабына сай орындамай отыр. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Арбатты аралап, жағалаудың бас көшесіндегі құрылысқа ескерту жасады.

– Біз ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда, мұнда орын алған өзгерістер көп. Бірақ мен әрқашан кәсіпкерлерге көңіл аударып, бізге мұнда турист ретінде келетін қазақстандықтарға басқаша деңгейде қызмет көрсету керектігін айтамын. Бизнесмендер түрік жағалауларымен бәсекелес болып,  қызмет көрсету сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуі тиіс. Тамақтану саласымен айналысатын кәсіпкерлер мол пайда табады. Соған қарамастан жоғары талапқа сәйкес келетін бірде-бір мейрамхана немесе кафе жоқ. Алайда мұндай тамақтану орындары орталықта орналасқан. Олар абаттандыру туралы, қызмет көрсету сапасы жөнінде ойланбайды. Өйткені олар адамдардың бәрібір өздеріне келетінін біледі, – деді ШҚО әкімі.

Аймақ басшысы Арбаттағы құрылыс талаптарына сәйкес келмейтін дүңгіршектерді алып тастауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымға дейін бірде-бір демалыс орны келушілерді күтіп алуға дайын деген актіні алған жоқ. Мұндағы 175 демалыс орнының 103 әлі күнге дейін туристерді қабылдап алуға дайындықты бастаған жоқ.

Көл жағалауында 345 кәсіпкерлік нысан бар. Оның ішінде 11,5 мың төсек-орындық 175 демалыс үйі, 36 қоғамдық тамақтану орны, 27 дүкен, 104 дүңгіршек, 3 дәріхана бар.

Ағымдағы жылы 8 демалыс орны салынды. Ал 11-і аумағын кеңейтті. Сөйтіп, қосымша 650 төсек-орындық пайда болды.

Сондай-ақ 200 орындық «Alakol love» туристік кешенінің құрылысы басталды. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша екі жоба қолға алынды. Жоба аясында су және электр желілері тартылады.

Жалпы аумағы 2,5 шақырымды құрайтын веложол мен 5 жаңа модульді сауда павильондарының құрылысы аяқталды. Биыл көл жағалауында жаңа туалеттер, киінуге арналған кабиналар, құтқарушы бекеттері салынады.

Келушілердің демалысын қызықты өткізу мақсатында сахна, би және аквасаяжай бой көтереді.

– Үржардағы әуежайда қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұшу-қону жолағы ұзартылады. Бұл өз кезегінде кез келген ұшақтың мұнда ұшып келуіне мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар келер жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ бізге Үржар ауылын абаттандыру да маңызды. Өйткені бұл жер курорттық орынның астанасы.Үржарды абаттандыруға 2,2 млрд теңге бөлінеді. Үш жылдан кейін Үржарды басқа жағынан көретін боласыздар, – деді Даниал Ахметов кәсіпкерлермен кездесу барысында.

ШҚО ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір