• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:13:14
Алматы
+35°
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы негізінде 2018 жылғы 30 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша функциялар әділет органдарынан "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ШҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Аль-Сейт мәлім етті.
 
Бейсембек Аль-Сейттің айтуынша, әділет органдарында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және осы салада мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі функциялар сақталған.
 
- Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша функцияны Мемлекеттік корпорацияға беру: бір жүйеге біріктіру арқылы рәсімдердің жалпы санының санын қысқартуға (өтінішті қабылдау, қолдың түпнұсқалығын тексеру, тіркеу және меншікті тіркеу үшін ақы төлеу), меншікті тіркеуге кететін уақытты қысқартуға, жылжымайтын мүлікті ресімдеу және тіркеу кезінде азаматтар мен бизнес - құрылымдардың шығындарын азайтуға,   жылжымайтын мүлік саласында барлық қолданыстағы кадастрлар шоғырланатын ақпараттық жүйені құруға, жылжымайтын мүліктің толық электрондық мұрағатын құруға септігін тигізді, - деді Бейсембек Аль-Сейт.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО брифинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір