10 Маусым, 2020 Оқиғалар

Ақмола облысында саяжайдан өрт шығып, 5 адам көз жұмды

Степнагорск қаласындағы өртеніп кеткен тұрғын үй

Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Степногорск қаласында саяжай өртеніп, бес адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар коммитетінің баспасөз қызметі таратты. 
 
Комитет тартқан ақпаратқа қарағанда, бүгін түнде сағат 00:50 шамасында "Рассвет" саяжай кооперативіндегі тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнынан 1955 жылғы әйел (саяжай иесі), оның 1976 жылы туған баласы, 2013 және 2015 жылғы екі ер баланың (саяжай иесінің немерелері) күйген денесі табылды. Осы жерден табылған тағы бір адамның кім екені әлі белгісіз. Өрттің шығу себебі де әлі анықталмаған.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір