• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:37:12
Алматы
+35°

05 Маусым, 2020 Экономика

Төрт миллиард теңге бюджетке қайтарылды

Қаражат оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды

Көрнекі сурет

Токиодағы Олимпиада күшін жоюына байланысты 4 миллиард теңгеден астам қаражат республикалық бюджетке қайтарылды, деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раимқұлова.


"Бүгінгі күні біздің спортшылар жаттығуларын қайта бастады, бірақ Олимпиада 2021 жылға қалдырылғандықтан, едәуір сома - 4,3 млрд. теңге үнемделіп, оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды", - деді Раимқұлова жұма күні халықпен есептік кездесуде.


Ол әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты ірі спорттық іс-шаралардың кестелері, сонымен қатар спортшылардың ірі жарыстарға дайындалуы өзгергенін еске салды.

Токиода жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы соңғы шешім 2021 жылдың көктемінде қабылданады деп жоспарланған және бұл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты болады.


Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өткізілуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегерілді.

Олимпиада 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір