• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:27:35
Алматы
+35°

02 Маусым, 2020 NEWS

Тоқаевқа мәжілісті тарату туралы ұсыныс жасалды

"Қазіргі құрам халық сенімінен толықтай айырылды, халық мүддесін қорғамақ тұрмақ, онымен диалог жасай алмайтынын көрсетті"

Көрнекі сурет

Белгілі дәрігер Қайырғали Конеев президент Қ.Тоқаевты мәжілісті таратуға шақырды, деп жазады kaztag.kz.

– Сізді петицияға қол қойған 170 мың адамның пікірін ескерместен, халыққа қарсы денсаулық туралы кодекс қабылдаған ҚР парламенті мәжілісін таратуға бастамашыл болуға шақырамын. Мәжіліс халықтың үні мен мүддесіне құлақ асқан жоқ. Тек кейбір резонанстық сөздерді алмастырып, кодекс мәнін өзгеріссіз қалдырды. Кодекске қарсы шығып, петицияға қол қойған 170 мың адам өздерін кемсіткендей сезінуде. Олар өздерінің конституциялық құқығы бұзылды деп санайды, – дейді дәрігер,

Ол 11 шілдеде Алматыда антихалықтық денсаулық туралы кодекске қарсы бейбіт митинг өткізуге өтініш білдіріп қойғанын мәлім етті.

– Бүгінде Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды қалаларының белсенділері өз аймақтарында митинг ұйымдастыруға ниетті. Бізге қосылғысы келіп, өзге аймақтардан да жазып жатыр. Кодекске қарсы петицияға қол қойған 170 мың адам қарсылықтарын білдіретін сияқты, –  деп атап өтті ол. 

Дәрігердің сөзінше, 170 мыңның дені әйел адамдар.

– Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, сізден (Тоқаев – ред.) ҚР парламенті мәжілісін тарату процедурасын бастауды сұраймын. Өйткені қазіргі құрам халық сенімінен толықтай айырылды, халық мүддесін қорғамақ тұрмақ, онымен диалог жасай алмайтынын көрсетті, –  деп түйіндеді Қайырғали Қонаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір