Фото Мәулен Әшімбаевтың facebook парақшасынан алынды
ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстардың есімдерін мәңгі ұлықтап өткен жөн деген пікірде.
"Біз 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бұл – халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы.⠀
⠀
ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің салдарынан дәстүрлі тұрмысымыз күшпен өзгертілді. Ел ашаршылыққа тап болып, екі миллионға жуық адам көз жұмды. Жүздеген мың қандасымыз туған жерін тастап көшуге мәжбүр болды.⠀
⠀
Саяси қуғын-сүргін жылдары да қазаққа оңай тиген жоқ. Ұлттың көшін бастаған зиялы тұлғаларымыз тар қапастарға қамалды және ату жазасына кесілді. Олардың жақындары да қудалаудан құтыла алмады.⠀
⠀
Біз осындай «тар жол, тайғақ кешуден» береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің, үміт пен сенімнің арқасында аман өтіп, ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Аз уақыттың ішінде елдіктің іргесін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Қазіргідей күрделі кезеңдердің өзін абыроймен еңсеріп келеміз.⠀
⠀
Қаншалықты қасіретті болса да, төл тарихымызды ұмытуға болмайды. Осыған орай Мемлекет басшысы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырып отыр.⠀
Шын мәнінде, Президентіміз атап көрсеткендей, өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз. Сондықтан тарихтан тағылым алып, ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыздың есімдерін мәңгі ұлықтап өткеніміз жөн.
Енді ешқашан мұндай зұлмат болмасын! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!" деді Мәулен Әшімбаев facebook парақшасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір