• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:29:04
Алматы
+35°

Қарағанды облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров "Қазақмыс" ЖШС корпорациясы карантинге жабылғанын мәлімдеді.

– 21 мамырда "Қазақмыс" ЖШС корпорациясында 133 қызметкер індет жұқтырған. Солардың ішінде Теміртау қаласынан 54 адам, Қарағанды қаласынан 65 адам, Бұқар жырау қаласынан 14 адам тіркелген.  Осы нысанда 1515 жұмысшы індет жұқтырғандармен байланыста болған, оның ішінде 245 адам жақын қарым-қатынаста болғандығы анықталды. Қазіргі таңда әлі де тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді Қ. Асқаров.

Бұқар жырау ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен бұл нысан 1 маусымға дейін жабылып, барлық дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.

– Жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілді. Олар 13-17  мамыр аралығында Жезқазған қаласында болғаны анықталды. Олар отбасымен бірге бір жиынға қатысқан. Жұмысшымен байланыста болған 17 адам ауруханаға карантинге жатқызылған. Оның тоғызында короновирустың кейбір белгілері анықталуда. Анализдер алынды. Жақын арада қорытындысы шығады, – деді департамент басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір