20 Мамыр, 2020 NEWS

Алматыда әкімдіктердің Open Space аясында трансформациясы жалғасуда

almaty.gov.kz

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына бойынша Ашық әкімдіктің жаңа кеңсесі және Адалдық алаңы ашылды. Әкімдік жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдіктің жобасын Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесе отырып, іске қосты.

Бастамашылар қала тұрғындары "бір терезе" қағидаты бойынша түрлі қызмет салаларында, түрлі инстанцияларда бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік алғанын түсіндірді.

– Бұл жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтарға қолжетімділігін арттыру, кедергісіз ортаны қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтерді алу жедел, барынша жеңілдетіледі және тұрғындар үшін ыңғайлы болады. Біздің тұрғындар Сервистік әкімдіктен білікті кеңес ала алады, – деп нақтылады ашылу салтанатында Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов.

Сондай-ақ, ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай формат мемлекеттік қызметкерлер мен қызмет алушылар арасындағы қашықтықты қысқартады, мемлекеттік қызметшілерге тиімді шешім қабылдай отырып, өзін команда ретінде сезінуге мүмкіндік береді, қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады.

Мамандардың пікірінше, кеңсенің ашылуы мемлекеттік аппаратты трансформациялаудағы, сондай-ақ жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастырудағы және халыққа қызмет көрсетуде жайлылықты арттырудағы маңызды қадам болып табылады.

– Сервистік әкімдікте көрсетілетін қызметті алушымен диалог барынша ашық түрде құрылады. Мұндай технологияны қолдану қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талаптарына жауап береді. Аудан тұрғындарына бөлімдермен электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға, электрондық үкімет порталын пайдалануға мүмкіндік берілді. Осындай кеңселер қаланың басқа да мемлекеттік органдарының базасында ашылады, – деп атап өтті ашылу барысында Алматы қаласы жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір