• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 04:33:36
Алматы
+35°

Алматыда бақылау-өткізу пунктінде полиция қызметкерін қағып кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz дерегін негізге алып хабарлайды.

"Оқиға 30 сәуірде Алматы қаласының Медеу ауданында болған. "BMW" маркалы көліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, №13 бақылау-өткізу пунктінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін соққан" делінген департамент таратқан хабарламада.

Полиция қызметкері жарақат алмаған. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А. есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының полиция басқармасы (ПБ) әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді.



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы блок-бекет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір