​Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте 42 500 теңгені сабақтан бос уақытта жұмыс істеп жүрген студенттер де алатынын  айтты.

– "Студенттер әлеуметтік төлем ала ма" деген де сұрақ келіп жатыр. Бұл ретте студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол – еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды, – деді Б. Нұрымбетов.

Оның айтуынша, студенттер кафе, ресторан, тағы басқа да қосымша жұмыс істеп жүргенін, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып қалғанын дәлелдесе жеткілікті.

– Мейрамханаларда даяшы, дүкендерде сатушы болып жұмыс істейтіндер бар. Олар ресми және бейресми жұмыс істеп жүр. Сондықтан студенттерге жалпы барлық азаматтарға бірдей тәртіп тарайды. Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтініш берулері қажет. Бірақ, одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз шәкіртақы алатындығын не алмайтындығын тексеріп жатпаймыз, – деді министр.

Еске сала кетсек әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір