06 Сәуір, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемге telegram-bot арқылы өтініш беру үшін төмендегідей қадамдар жасалуыға тиіс.
Алдымен Help42500Bot батырмасын басып, арнайы ботқа кіру керек.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
6. Өз өтінішіңізді растау;
7. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді: a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы; b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
1. «Қызметкер» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
7. Өз өтінішіңізді растау;
8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы; b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір