• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:53:57
Алматы
+35°

Бүгін, 4 сәуір күні Түркістан облысында бір адам коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабаралды. 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқарамасының дерегінше, қайтыс болған адам 64 жаста болған. Ол – Жетісай ауданының тұрғыны.

Осылайша елде вирустан көз жұмғандар саны төркет жетті. Бұған дейін Қарағанды және Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола облысында бір-бір адамнан көз жұмған. 

Денсаулық сақтау минитрлігі адам өлімінен бөлек, вирус тағы 36 адамнан табылғанын хабарлады. 

Соңғы дерек бойынша, елде вирус жұқтырғандар саны 500-ге жетіп отыр:

  • Нұр-Сұлтанда – 202 адам
  • Алматыда  – 109 адам
  • Қарағандыда – 26 адам
  • Қызылорда облысында – 26 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам
  • Түркістан облысында – 23 адам
  • Ақмола облысында – 19 адам
  • Атырау облысында – 16 адам
  • Шымкентте – 12 адам
  • Жамбыл облысында – 9 адам
  • Алматы облысында – 9 адам
  • Ақтөбе облысында – 7 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам
  • Маңғыстау облысында – 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Қостанай облысында – 1 адам.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронаиврус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір