• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:55:10
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте техникалық ақауларға байланысты онлайн сабақтар өтілмейтінін мәлім етті.

Оның сөзінше, интернетпен онлайн оқу ыңғайлы болғанымен, бұл тетікте кедергілер бар. Бұл 1 сәуірде өткен сынақ сабақтар барысында анықталған.

– Сынақ сабағына тек қана онлайн режимде 1 млн 250 бала шығып, дәріс алып көрді. Жалпы осы сынақ сабаққа әртүрлі платформада еліміз бойынша 2,5 миллион бала қатысты. Нәтижесінде жақсы дайындықты көрдік. Ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде қашықтан оқыту жүйесіне бағытталып, шеберлігін шыңдап дайындалған екен. Барлық ұстаздарға алғыс айтқым келеді. Сынақ сабақтар кезінде басқаша мәселелерді көрдік. Онлайн осыншама қосылуды көтермейді, соған байланысты көп ыңғайсыздықтар болды. Оған көзіміз жетіп отыр. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Онлайн оқудың орнына, арнайы платформалар арқылы қашықтан оқытуды жүргізуіміз қажет,  – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың ІV тоқсанда қашықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда.

Ведомство басшысы елде Bilimland.kz, «Күнделік», «Дарын онлайн» сияқты арнайы платформалар бар екенін, әр мектеп осы платформалардың біріне тоқталып, жұмыс істейтінін айтты.

Министр қашықтан оқытудың бәрі онлайн оқыту емес екенін, қашықтан оқытуға пошта, теледидар, радио, тапсырмаларды интернет арқылы алып оқу жататынын айтты. Ал онлайн оқыту –  интернет көмегімен жүргізілетін, ұстаз бен оқушы бірін-бірі көріп отыратын оқыту түрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір