• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 21:40:28
Алматы
+12°

21 Наурыз, 2020 NEWS

Коронавирус: Алматыда маска сататын дәріханаларға бейнебақылау камералары орнатылады

Алматыда азық-түлік пен дәріханалардағы маска бағасына бақылау күшейтілген. Тіпті, бетперде бағасынының негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ.

Фото: inform.kz

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Брифингте белгілі болғандай, Алматыда қазір қарапайым масканың бағасы 87 теңге деп бекітілсе, көмір фильтрлі маска 111 теңгемен сатылуда.

«Ол үшін Алматыда 48 дәріхана белгіленіп, барлығына бейнебақылау орнатылды. Бейнебақылаудағы жазба бір айға дейін сақталатын болады. Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», - деді Арлан Қалуетов.

Оның айтуынша, қалада қазір бағаны негізсіз көтеру мәселесі бойынша тұрғындардан шағымдар көп түсуде. 

«Біздің департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шараларды қолға алды. Бетперденің бағасын негізсіз көтеру фактілері бойынша департамент тарапынан нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша бізге келіп түскен шағымдар көп», – деді ресми өкіл.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір