• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:22:41
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2020 Саясат

Митинг: Мәскеуде белсенділер Путинның биліктен кетуін талап етуде

Күні кеше Путинге 2036 жылға дейін екі мерзімде президенттік сайлауға түсуге мүмкіндік беретін заңдық түзетулерді Мемлекеттік дума қараған болатын. Ал Мәскеу жұрты бұл шешімге түбегейлі қарсы болып отыр. Тіпті, шыдамы таусылған халық "жетер енді, кет" деген жазуы бар плакат та алып шыққан.

Фото: mbk.news

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі МБХ медиа дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Аталған митинг Ресей билігін 20 жылдан астам қолында ұстаған Владимир Путинге қарсы ұйымдастырылған.

Ол осы уақытқа дейін төрт рет сайланып, екі рет үкіметті басқарды.

Ал мәскеулік белсенділер осымен екінші күн қатарынан бірадамдық пикетке шықты. Олар конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы.
 
 
"МБХ медиа" мәліметінше, акцияға 100-ге жуық адам жиналған. Олар "Жетер енді", "Кет" деген плакаттар ұстап шыққан. 
 
"Өзгерістер" демекші, осыдан бірер күн бұрын Ресей Мемлекеттік думасы қазіргі басшы Владимир Путиннің президенттік мерзімдерін жою жөнінде негізгі заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдағаны туралы жазғанбыз.

Әрі қарай оқи отырыңыз: Путин тағында 2036 жылға дейін отыруы мүмкін

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір