• USD 405.69
  • EUR 455.51
  • RUB 5.72
  • CNY 57.42

29 Ақпан, 2020 NEWS

Тоқаев Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді

Ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz сайтына берген сұхбатында 25 ақпан күні Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өлімі туралы айтты. 

Президенттің сөзінше, Ағаділlдің қазасы туралы ресми нұсқаға қарсы пікір айту – шындыққа қарсы шығумен тең.

– Қоғамда үлкен резонанс тудырған іспен мұқият танысып шықтым. Өкінішке қарай, белсенді Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды деп сенімді түрде айта аламын. Ал бұған қарсы пікір айту – шындыққа қарсы шығу. Марқұмның көзқарасы, саяси ұстанымы қандай болса да, ол ең бірінші – адам. Адам өмірі бәрінен де биік әрі құнды. Бәріміз Жартушының қалауына бойұсынамыз. Иманды болсын!, – деді Тоқаев. 

Дулат Ағаділ 25 ақпанда тергеу абақтысында көз жұмған еді. Ішкі істер министрлігі алдын ала болжам бойынша Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанын айтты. Бірақ белсендінің  өліміне байланысты әлі нақты сараптама қорытындысы дайын болған жоқ. Ағаділдің жақтастары мен кейбір құқық қорғаушылар оның жүрек талмасынан қайтыс болғанына сенбейді. Олар Ағаділ қазасын оның саяси белсенділігімен байланыстырып, өліміне билікті кінәлап отыр. 

Тоқаев қоғамда үлкен резонанс тудырған Ағаділ өлімі туралы алғаш рет айтып отыр. Бұған дейін елдегі саяси ұйымдар, құқық қорғаушылар және шетел дипломаттары Қазақстан билігін Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме беруге шақырған болатын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір