• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:42:16
Алматы
+35°

Фото Балтабек Нұрғалиевтің facebook парақшасынан алынды

Назарбаевтар әулетіне жыр арнап, өлең шығарумен танылған ақын Балтабек Нұрғалиев Қытайда пайда болып, бүгінде әлемнің 50-ге жуық еліне тарап үлгерген "коронавирусқа қарсы дұға" жазды. Оны ақын өзінің facebook-тағы парақшасына жариялады.


КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДҰҒА

Коронавирус! Коронавирус!
Тарай көрмесін далама вирус!
Тарай көрмесін қалама вирус!
Тарай көрмесін ауаға вирус!

Еліме менің жолама, вирус!
Елімді менің тонама, вирус!
Көз тігіп бізге қарама, вирус!
Тарама деймін, тарама, вирус!

Қаратүнектен жаралған вирус,
Әлемге біртін таралған вирус.
Адалдың жауы, атың өшкір-ай,
Түбірің сенің арамнан, вирус!

Біреулер үшін пайдасың, вирус,
Біреулер үшін айласың, вирус.
Тоқтатсын Алла, жоқ қылсын мүлде,
Есімің қанат жаймасын, вирус!

Жақсылық күтсін, жақсылық алда,
Амандық берсін, амандық жанға!
Коронавирус кесірден сақта
Адамзат үшін тілеймін, Алла!

Балтабек Нұрғалиев

Түйін. "Сақтансаң, сақтармын" деген бе еді? Біздің еліміз медицинасы мықты ел ғой! Біздің Президентіміз коронавирустың біздің елге енбеуіне, кірмеуіне барлық жағдайды жасап отырғанына сенім кәміл!

Қамшыгер

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір