Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокуроры 30 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

– Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Бас прокуратурасының ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде Талдықорған көлік прокуратурасының аға прокурорын, Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісін және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша әшкереледі, – деді Баржақсынов.

Оның айтуынша, олар ЖШС директорынан экономикалық контрабанда фактісі бойынша оған қатысты тіркелген қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

  1. – Күдіктілер ҚР қылмыстық-процестік кодексі 128-бабымен ұсталып, Талдықорған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚКП 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды, – деді агенттік тергеушісі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір