• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:44:20
Алматы
+35°

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің депутаты Ирина Карамушкина экс-президент Алмазбек Атамбаевтың орнына түрмеге барып, жазаны өтеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Vesti.kg хабарлады.

Депутат Атамбаевтың денсаулығы ауыр екенін еске салып, оны үй қамауына босатуды сұрады.

– Мен қазіргі президентке саналы түрде қарсымын. Егер бұрынғы президентті мазақ етуді жалғастыру әлі де маңызды болса, оны алмастырыңыз: Атамбаев босатылады, ал олар мені оның орнына қамауда ұстайды. Мен түрмеге баруға дайынмын. Оны құтқаруым керек, – деді Карамушкина.

Оның айтуынша, Атамбаев пен оның жақтастарына қарсы сот ісі кейінге қалдырылған.

Сонымен қатар, депутат бұрынғы мемлекет басшысының денсаулығына байланысты дәрігерлер кеңесін құруды талап етті.

Еске сала кетсек, Алмазбек Атамбаевқа сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау органдарына қарсы зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, барымта жасау және тәртіпсіздік бойынша айып тағылып, қамауға алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір