Италияда коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы Риа хабарлайды. 

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, Венето облысында 78 жастағы ер адам вирустан көз жұмды. Онымен бірге 67 жастағы жұбайы да ауруханаға түсті. Соңғы уақытқа дейін олардан коронавирус табылмаған, алайда кейін Венето президенті Лука Дзайя сараптама нәтижесі вирусты анықтағанын хабарлаған. 

Бұл Еуропадағы екінші оқиға. Бұған дейін Францияда қаңтардың ортасында Хубей провинциясынан келген 80 жастағы қытайлық турист коронавирустан көз жұмған.

21 ақпанда Италияның солтүстігінде коронавирус жұқтырғандар анықталған. Ломбардияда олардың саны 15-ке жетті және жақын уақытта тағы үшеуі ауруханаға түскен. 

Ведомствоның мәліметінше, Италияда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 220 адамнан асты. Қазіргі уақытта Италия коронавирусты жұқтыру бойынша әлемде Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейін 3-орында.

Италия билігі бұл инфекцияның қайдан шыққанын әлі білмейді. Жақында Қытайға барып, Италияда «нөлдік пациент» болып саналған ер адамның мысалдары теріс нәтиже берді.

Соңғы деректерге сүйенсек, Иранда 61 адам вирусты жұқтырды деген күдікте тұр, оның 12-сі қайтыс болды. Ал, Оңтүстік Кореяда 803 адам вирус жұқтырып, 7 адам инфекцияның құрбаны болғаны мәлімделді. 


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір