• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:34:17
Алматы
+35°

Димаш кеше Татарстан астанасы Қазан қаласында "Arnau tour 2020" атты жеке ән кешін өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tatar-inform.ru сайтының дерегін негізге алып.

Концерт барысында Димаш онкологиялық аурудан қайтыс болған Лейсан Сейітназароваға арнап ән айтты.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы балалар хосписіне Лейсан есімді кішкентай қыздың арманын орындау үшін арнайы барды.

21 жастағы Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт ай өтпей қайтыс болды. Димаш жанкүйерімен кездескен күнді әлі күнге дейін ұмытпаған. Концерт кезінде "Лейсанды өз қарындасымдай көремін" деп айтқан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір