• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:27:30
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

"Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы "KAZGOR" жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады" делінген жеделхатта.

Президент сондай-ақ ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсеткенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір