• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 10:08:16
Алматы
+35°

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асты. Бұл ақпаратты Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Өткен тәулікте (18 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) Қытайда 1749 адам коронавирус жұқтырып, (Хубэй провинциясында – 1693), 136 адам қайтыс болды. 1824 адам емделіп шықты (Хубэйде 1266 адам).

Соңғы деректер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауға алынған.

Ресми статистикаға сәйкес, індеттің ошағына айналған Хубэй провинциясынан тыс материктік Қытайда коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны он бесінші күн қатарынан төмендеп келеді.

Гонконгта коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайванда – 22.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанмен шекараласатын ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелген, оның ішінде Іле-Қазақ автономиялық облысында (ІҚАО) СУАР - 18, Үрімжі қаласында – 23. Қазіргі уақытта Шыңжаңда 5 мыңнан астам адам медициналық бақылауда. Медициналық мекемелерден 12 науқас емделіп шықты.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: короновирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір