• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Ақпан, 10:18:51
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

13 Ақпан, 2020 NEWS

Жәкішев түрмеден мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазды

yandex.kz

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына байланысты түрмеден мерзімінен бұрын босатуға өтініш жасады. Оған катаракта (көз ауруы) диагнозы қойылған. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожин оның денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын хабарлады.

– Ол тек катаракта ғана емес, өте көп ауруға шалдыққан. Бірақ Мұхтар өзінің денсаулық мәселесі қоғамда талқыланғанын қаламайды. Былтырғы сараптамалардың қорытындысы бойынша оның қан қысымы жоғары, аяғында үлкен ісіктері болған. 40-тан астам дәрі ішеді, – деді құқық қорғаушысы. 

Төреғожинның айтуынша, арнайы медициналық жабдықтары жоқ колония мен қаладағы ауруханалар ауруы асқынған Жәкішевке тіпті дұрыс диагноз қоя алмай тұр. Былтыр жыл соңында Жәкішевті санитарлық колонияға емдеуге жіберген, бірақ нәтиже болмағанын атап айтты. 

– Оны былтыр Семейдегі ауруханаға апарған. Бірақ Семей кішігірім қала болғандықтан, дұрыс емдей алмайтынын айтты. Оған көмекке тек дәрі тағайындайды, – дейді Бақытжан Төреғожина.

Ал Семей қаласындағы ОВ-156/14 қатаң режимдегі колонияның арнайы бөлімінің жетекшісі Индира Думанбекқызы Мұхтар Жәкішевке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтып өтті.

– Жағдайы тұрақты, медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деді ол. 

 

Ілмек сөздер: Мұхтар Жәкішев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір