• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:07:14
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2020 NEWS

camonitor.kz

2019 жылы Қазақстаннан 45,2 мың адам кетіп, 12,2 мың адам Қазақстанға біржола қоныс аударған, деп жазады LS.

Миграция сальдосы 32,9 мың адамға дейін өсіп, биыл да теріс көрсеткіш байқалған.

Елден кетушілер 7,8 пайызға артып, келушілер 4,7 пайызға кеміген.

Қазақстаннан көшкендердің 40,9 мыңы ТМД елдеріне қоныс аударса, 4,3 мың адам өзге елдерді таңдаған. 9,4 мың адам достастық елдерінен, 2,8 мың адам басқа елдерден  келген.

Қазақстаннан кеткендердің 32,8 мыңы орыс ұлтының өкілі, 3,1 мыңы неміс, 3 мыңы украиндық, 2,2 мыңы қазақ және 1 мыңы татар.

Келушілердің 7 мыңы қазақ, 2,6 мыңы орыс, 301-і қарақалпақ.

2018 жылы Қазақстаннан 41,9 мың адам кетіп, 12,8 мың адам келген болатын. Оның 37,7 мыңы ТМД елдеріне, 4,1 мыңы өзге елдерге көшкен.




"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: демография

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір