• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Ақпан, 10:06:18
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

10 Ақпан, 2020 NEWS

Bek Air ұшақ құлаған үйдің иесін сотқа берген

qamshy.kz

Bek Air авиакомпаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін сотқа берген. Бұл туралы ол өзінің адвокаты Бақытжан Базарбек өзінің facebook парақшасына жазған. 

"Жақында маған Bek Air авиакомпаниясы мені сотқа бергенді туралы қағаз келді. Менің түсінбегенім, Bek Air не үшін әкімдікті емес, мені сотқа берді?  Жер телімін беру туралы шешімді маған әкімдік берді, үй салуға рұқсатты әкімдік те қабылдады. Ал мені соңында кінәлі етіп шығарғысы келеді. Сот отырысы 21 ақпанда өтеді. Мен де осыған дейін  Bek Air әуекомпаниясын сотқа бергенмін. Олар сол ісіме жауап қайтарып отырған секілді", - деді үй иесі Решет Қалыбек. 

Решет Қалибектің айтуынша, бұған дейін Талғар облысының әкімдігі шығынның орнын толтыруға уәде берген.  Ер адам үй мен жиһазды салумен бірге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 25 миллион теңгені құрайтынын атап өтті.  Ол үйін 20 миллион теңгеге бағалады.

"Әкімдік қызметкерлері маған екі нұсқаны ұсынды: үй салу немесе ақша беру. Бірақ қазір олар хабарлассам жауап бермейді, менен қашып жүр. Маған келтірілген залалдың орнын толтырса екен деймін. Мен моральдық өтемақы түріндегі басқа талаптарым жоқ. Тағы бір өтінішім, жер телімін заңды орыннан берсе екен. Ұшақ құлаған жерге үй салғым келмейді" , - дейді Решат Қалыбек. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір