• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Ақпан, 09:42:36
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

10 Ақпан, 2020 NEWS

Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: әлеуметтік желіден

Ерлан Бейсембайұлы Құсайын Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Орталық Қазақстан газетінің бас редакторы Қамбар Ахмет фейсбук парақшасында хабарлады.

"Ерлан Бейсембайұлы ақпарат, идеология саласында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатыр. Бұл саланың барлық сатысынан өткен тәжірибелі маман. Ерекеңді облыс әкімінің баспасөз қызметінде жүрген кезінен бастап етене танимын. Елдің ортасынан шыққан, жұртқа жанашыр, елшіл азамат деп білемін. Табыс тілеймін!" деп тілек білдірді Қамбар Ахмет.

Ерлан Құсайын 1976 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін "экономика саласындағы құқықтық реттеу" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қазақ тілі мұғалімі болып бастады.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2014 жылы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы болып жұмыс істеді.

Қазіргі тағайындалуға дейін Қарағанды облысы әкімінің аппараты "Қоғамдық келісім" КММ директоры қызметін атқарған.

Ілмек сөздер: тағайындау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір