• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:37:00
Алматы
+35°

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 636-ға жеткен. Бұл Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметіне негізделген, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru - ге сілтеме жасап.

Кеше ғана ресми түрде 28 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, оның ішінде 563 адам қайтыс болды деп хабарланды.

6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан коронавирустың жаңа түрімен туындаған 31 161 расталған пневмония туралы ақпарат келіп түскен, олардың ішінде 4 821 адамның ауыр халде жатқаны, 636 адамның қайтыс болғаны, 1540 адамның ауруханадан шығарылғаны айтылды.

Өткен тәулікте инфекцияның 3 143 жаңа жағдайы анықталған еді, күніне 387 адам ауруханадан шығарылып отырған. Сонымен қатар, Гонконгта инфекцияның 24 жағдайы анықталды (олардың біреуі қайтыс болды), Макаода 10 адам табылды (олардың біреуі ауруханадан шығарылды), Тайваньда 11 адам жұқтырды (олардың біреуі сауығып кетті).

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен тағы 26,4 мың адам дәрігерлердің қарауында. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 186 мыңнан астам адам медициналық тексерістен өтіп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус 636 адам

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір