• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:22:41
Алматы
+35°

Бүгін, 6 ақпанда Ақтөбеде "кәмілет жасқа толмаған қызын зорлады" деп айыпталған Ермек Ахметовқа сот үкімі шықты. Сот оны Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") және 124-бабы бойынша кінәлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты Қазақстандағы зорлық-зомбылыққа қарсы Немолчи.kz қоғамдық ұйымының басшысы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында хабарлады.

Дина Таңсәрінің жазуынша, сот үкіміне сәйкес, Ахметов жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады. Бұған қоса, ол жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Соттың бұл үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл оқиға 2019 жылдың 27 ақпанында болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің дерегінше, сол күні Ахметов Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі пәтерінде кәмелет жасқа толмаған қызын зорлап, оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланып, қайтадан ұсталған еді. 




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір